Небәрі 17 жастағы бойжеткенге ғашық боп қалдым деген ер адам жұрттан көмек сұрап, Instagram әлеуметтік желісіндегі @astana_forum_2017 тобына жазба қалдырды.
Ер адам өзінің аты-жөнін көрсетпеуді өтінген.
«27 жастамын. Үйленгенмін. Кішкентай қызым бар. Бірақ 1-курс оқитын 17 жастағы қызға ғашық боп қалдым. Кездесіп жүрміз. Жазда 18-ге толады. Арамызда ештеңе болмады. Мен қаласам, ол қыз қарсы емес. Бірақ менің отбасылы екенімді білмейді», – деген ол әлеуметтік желі қолданушыларынан ақыл сұрады.
Ал көпшілік авторды жас қызды алдамай, өз отбасын сақтап қалуға кеңес берді.