23.04.2019, 11:58

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді меңгеруі бойынша емтихан тапсырып жатыр

ОСК-да лингвистикалық комиссияның отырысы өтуде. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді меңгеруі бойынша емтихан тапсырмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комиссия жұмысы ашық өтеді, бұқаралық ақпарат құралдары әрбір кандидатқа қатысты шешім қабылдау үрдісін бақылай алады.

Емтиханға ауызша және жазбаша тапсырмалар енеді.

Мемлекеттік тілді еркін меңгергенін растау үшін Қазақстан президенттігіне үміткер лингвистикалық комиссия ұсынған тақырып бойынша екі беттен аспайтын жазбаша тапсырманы орындап, үш беттен аспайтын дайын мәтінді оқуы тиіс; лингвистикалық комиссия берген тақырып бойынша кемінде он бес минут бойы сөз сөйлеуі тиіс.

Бүгін, 23 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев ОСК-на ҚР президенті сайлауына кандидат ретінде тіркелу үшін құжат тапсырды.