Қоғам 24.04.2019 сағат 05:38

Қазақстанда айыппұл мөлшері төмендейді

«ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында айыппұл мөлшерін азайту қарастырылып отыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда айыппұл мөлшері төмендейді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, құқық қолдану тәжірибесі негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру, соның ішінде оны ізгілендіру және әсіре қатаңдығын төмендету бойынша мәселелерді пысықтады», - деп тоқталды М. Бекетаев. 

Осы орайда, әкімшілік құқық бұзушылықтардың кейбір құрамдарын алып тастау ескеріліп отыр. 

«Реттеуші органдардың ұстанымына сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың кейбір құрамдарын азаматтық немесе тәртiптiк iс жүргiзу арқылы қарауға болады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта, мемлекеттiк органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру және оларды автоматтандыру сияқты іс-шаралар орындалуда. Бұл ретте заң жобасымен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың отыз екі құрамдарын алып тастау ұсынылады», - деді министр. 

Бұдан бөлек,  әкімшілік құқық бұзушылықтардың жекелеген санкцияларын жеңілдету және төмендету қарастырылып отыр.

«Әкімшілік құқық бұзушылық санкцияларына жүргізген талдау оларды әкімшілік жауапкершілікті одан әрі ізгілендіру аясында жеңілдетуге және төмендетуге мүмкіндік бар екенін көрсетті. Мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде, сондай-ақ талдау мен статистикалық деректерді ескере отырып, заң жобасымен қырық төрт құрам бойынша айыппұл мөлшерін азайту, он құрам бойынша әсіре қатаңдықты төмендету, алты құрам бойынша ескерту енгізу ұсынылады», - деді Марат Бекетаев.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар