$ 498.34  519.72  4.85

Ақтаулық әйел отбасылы еркекті жүктілігімен ұстап қалғысы келгенін айтты

Ақтаулық Мәриям есімді келіншек екі жылдан бері отбасылы еркекпен кездесіп жүргенін айтты. Әйел адамның сөзінше, ол сүйіктісін бала-шағасынан айырып алу мақсатында жүкті болған. Алайда бұл әрекеті үшін келіншек өкініп қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Келіншек бірнеше жылдан бері өзінен үш жас үлкен отбасылы ер азаматпен көңіл қосқан. Алайда оның сүйіктісі бала-шағасын ол үшін тастап кетуге дайын емес екенін жасырмаған.

"Арлан үнемі әйелін маған жамандап, оны сүймейтінін айтатын. Тіпті екеуі бір төсекте жатыуға құлықсыз болып кеткен. Менің үйіме келсе, отбасына қайтуға асықпайтын. Бірақ оларды тастап, менімен бірге тұруға да көнбейді. "Балаларымды қалдыра алмаймын "деп құтылады", - дейді келіншек.

Кейіпкердің айтуынша, ол сүйіктісінің өзімен бірге болуы үшін одан жүкті де болған. Алайда Арлан көңілдесінің мұндай "құйтырқы" әрекетін құп көрмей, оны соққыға жыққан.

"Сүйем-күйем" деп жүрген адамым жүктілігімді білгенде, мені жұдырық астына алды. Жаңалықты естігендегі оның түрін көруіңіз керек еді. Бет-аузы қызарып, долдана кетті. "Сен мұны әдейі істедің. Өз қолыңмен жасасаң, өзің мойныңмен көтер. Шаруам жоқ. Сен мені алдап кеттің. Қазірден бастап алдасаң, ертең саған қалай сенемін. Қаласаң баланы алдыртып таста. Ол менікі болмауы да мүмкін" деп бұрылып кетіп қалды", - дейді Мәриям.

Дегенмен ақтаулық келіншек екі жылдан бері сүйіп келген адамына қосыла алмай кеткеніне қуанады екен. Тек сүйіктісін осынша уақыт тани алмағанына өкінетінін жеткізді.

"Өзімнің ісім үшін өкінемін. Жо-жоқ, баланы міндетті түрде өмірге әкелемін. Тек осындай адамға екі жылымды сарп еткенім үшін өкінемін. Көр соқыр болған екенмін. Мұндай адамның менің өмірімнен жоқ болып кеткені де дұрыс болған шығар. Мүмкін бір жамандықтан аман қалған болармын", - дейді кейіпкер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары