Қоғам 26.04.2019 сағат 11:45

Ресей 20 жылдан соң мұсылман еліне айналады – журналист Маргарита Симоньян

RT телеарнасының бас редакторы Маргарита Симоньян Ресейдің не себепті барлық орыстарына азаматтық беруі тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Ресей 20 жылдан соң мұсылман еліне айналады – журналист Маргарита Симоньян
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оған бір себеп елде ислам дінінің етек жаюы. Өз ойын ол Telegram-да жазды.

Айтуынша, егер ешнәрсе өзгертпесе, 2040 жылы Ресей «мүлде өзге елге айналады». 

«Ресейдің мұсылман елі болатынынан бастайық. Бұл медициналық факт. Бірнеше дәлелдермен нақтыланған. Әр дінге құрметім секілді, исламға қарсы ешнәрсе айта алмаймын. Бірақ елестетіп көріңіздерші балаларыңыз біздің жасымызда болғанда Хабиб Нұрмағамбетов елдің президенті болса», - деп жазды ол. 

Симоньян Нұрмағамбетовке қарсы ешнәрсе айтпайтынын, алайда балаларына отанын мәдениетті, ментальді түрде сақтағысы келетінін жеткізді. «Бірнеше этнос пен конфессия бірлескен зайырлы ел ретінде» көргісі келетінін айтты. Бұлай болуы провослав орыстардың осы деңгейді сақтап қалуына байланысты екенін жазады. 

Бұған дейін Мәскеу Донбасс тұрғындарына ресейлік төлқұжаттарды ресімдеуді оңайлатқан. Украинаның қазіргі президенті Петр Порошенко жауап ретінде Ресейді «Донбассты аннексиялауды дайындай бастады» деп айыптады. Таңдаулы мемлекет басшысы Владимир Зеленцкийдің штабындағылар бұл шара Ресейдің «оккупацияланған мемлекет ретінде жауапкершілікті» мойнына алды деп пікір айтты.

Украина Ресейдің елдің оңтүстік-шығысындағы қарулы қақтығыстарға жауапты деп санайды. 2018 жылдың ақпанында мемлекет заң қабылдады, оған сәйкес Ресей ресми түрде агрессорлық мемлекет ретінде танылды. Мәскеу мұндай айыптауларды бірнеше рет жоққа шығарды.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар