$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде демалыс күндері жауын-шашын болады

«Қазгидромет» синоптиктері алдағы демалыс күндері - 27-29 сәуірге ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Метеоқызметтің хабарлауынша, көпжылдық мәліметке сәйкес Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында сәуір және мамыр айларында ең көп жауын-шашын мөлшері түседі. Бұған биылғы сәуір айы дәлел, себебі 25 күннің 19-ы жауын-шашынды болып, айлық нормадан көп жауын-шашын түсті. Республиканың басқа өңірлерінде де сәуір айы жауын-шашынды болады.

Сәуірдің соңғы демалыс күндері де  Баренц және Карск теңіздерінен келетін суық атмосфералық фронттардың әсерінен көптеген аймақта жаңбыр жауады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда жылбысқа қарға ұласып, ауа температурасы төмендейді. Жексенбіде оңтүстік және оңтүстік-шығыста күн ашық болғанымен, ауа райы салқындайды.

27 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында ауа райы түнде +1, күндіз +10 градус болады. Алматыда түнде ауа температурасы +6 градус болып, жаңбыр жауса, күндіз ала бұлтты, 14 градус жылы. Шымкентте түнде +8 градус, күндіз +16 градус болады.

28 сәуірде еліміздің астанасында ауа температурасы түнде +1, күндіз +16 градус болады. Алматыда түнде 8 градус жылы, ал күндіз сынап бағанасы 17 градусқа дейін көтеріледі. Шымкентте түнде 8 градус жылы, күндіз 19 градус нөлден жоғары.

29 сәуірде елордада ауа температурасы түнде +12 градус болса, күндіз 21 градусқа дейін жылынады. Оңтүстік астанада түнде 11 градус жылы, күндіз +18 градус болады. Шымкентте түнде +9 градус, күндіз +21 градус болады.

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары