ШҚО-да Семей мен Қарауыл ауылы арасындағы тас жолда жантүршігерлік жол апаты болды. Lada Priora мен Toyota Corolla көліктерінің соқтығысуының салдарынан алты адам көз жұмып, cегіз адам жараланды деп хабарлайды yk.kz.
Портал ақпаратына сәйкес, «Приора» рөлінде 32 жастағы келіншек, ал салонда сегіз адам болған. Оның ішінде төртеуі-кішкентай балалар. Ал «Тойота» маркалы көлігінде бес адам отырған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жапониялық көліктің 47 жастағы жүргізушісі жолдағы қарама-қарсы жолаққа шығып, соқтысуға себепкер болған.
Дереккөз жол апатында 14 адамның барлығы зардап шеккенін хабарлайды.
Алған жарақат нәтижесінен «Приорадағы» үш адам, оның ішінде 2018 жылы туған қыз ажал құшты. Ал «Тойотада» отырған адамдардың үшеуі көз жұмды. Қалған жолаушылар түрлі жарақаттар алған.
Дереккөз: KAZ.NUR.KZ