$ 494.87  520.65  4.91

Қырғызстанда еркектер жетіспей жатыр - демограф Әзімбай Ғали

Қырғызстанның еңбекке жарамды жастағы еркектерінің дені ақша табу үшін Ресейде жүр. Сол себепті қазір қырғыз елінде еркектердің жетіспеушілігі байқалады, деп жазады қазақстандық саясаттанушы, демограф Әзімбай Ғали facebook-тегі парақшасында деп хабарлайды Zakon.kz.

 «Қырғызстанда еркектер жетіспеушілігі байқалады. Қырғыз еркектері Ресейде жүр. Қырғызстанда еркектер жетіспеушілігі соғыстан кейінгі жағдаймен сәйкес. Бұл жағдай – еркек дефициті Қырғызстанның Ош қаласында анық байқалады», – деп жазады ғалым.

«Қырғызстандағы ерлер дефициті, жыныстық дефициті – сексуалдық диспропорция мен дәмелілік әкеледі. Ер азаматтар – пенсионерлер мен мектеп оқушылары. Өлген адамды рәсіммен шығарып салу мен табытты көтеруге мектеп ер балалар, оқушыларын жұмсайды екен. Егер де бұл үрдіс ұзақ жүрсе, рух деградациясына әкеледі. Өзбекстанда да сондай жағдай, әсіресе қышлақтар мен шағын қалаларда», – дейді Әзімбай Ғали.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары