$ 494.87  520.65  4.91

Екі қолы мен бір аяғы жоқ жігіт өзін тастап кеткен анасымен кездесті (ВИДЕО)

Туғаннан екі қолы мен бір аяғы жоқ мүмкіндігі шектеулі Нышанбай Оңғарбай тірі жетім. Бүгінде  20 жасқа келген жігіт «Астарлы ақиқат»  бағдарламасына келіп, өзін тастап кеткен анасымен кездесті. Бағдарлама барысында ата-анасының қамқорығын көрмей өскен қам көңіл жан анасын кешіргенін айтты.

«Менде тастаймын деген ой болған жоқ. Енем мені мүгедек бала таптың деп, баладан бас таруға мәжбүр етті. Енем мен қайын әпкемнің шешімі солай болды. Перзентханадан шыға салысымен, такси күтіп тұр екен. Мені бірден «Сәбилер үйіне» апармақшы болды. Бірақ, онда бірден қабылдаған жоқ. Құжаттары дайын болмаған еді. Кейін апарып  тастадым, емізіп тастап кет деді»,-деген ана көзіне жас алды.

Нышанбай Оңғарбайдың әпкесі Әсел оның денсаулығына әкесін кінәлайтынын айтты.

«Ыңғайсыз болса да айтайын, анам жүкті болған кезде әкем оны ұрып-соққан. Сосын анам саудамен айналысып, ауыр заттар көтерген. Бала болсам да, менің байқағаным әкем есірткі шегетін, оған келген ер адамдарды да көрдім. Соның бәрі Нышанбайдың осылай тууына себепкер болып тұр»,-дейді ол.

Нышанбайдың бір аяғы екіншісінен анағұрлым қысқа. Ол тек протезбен жүре алады. Алайда, қолы болмағандықтан, оны киіп-шешудің өзі қиынға соғады екен. Жарымжан жігіт Түркістан облысы, Төлеби ауданы, №7 «Тасарық» балалар үйінің түлегі. Бухгалтер мамандығы бойынша орта арнаулы білімі де бар.

Екінші рет тұрмыс құрған анасына өкпелі жігіт бірден жіби қоймаса да, бағдарлама соңында оны құшағына қысып, кешіретінін, бәріне түсіністікпен қарайтынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары