Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жолаушылар автобусы мен үш автокөліктің соқтығысуына қатысты хабарлама таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«№12 жолаушылар автобусының жүргізушісі Гете мен Біржан сал көшелерінің қиылысында аялдамадан шығып келе жатып, техникалық ақауға байланысты (алдын ала ақпарат бойынша, газ басқышы істемей қалған) тағы бір №12 автобуспен соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан №12 автобус тоқтай алмай, ақыры тұрақта тұрған «Hyundai» шағын автобусын, «Hyundai Н1» автокөлігі мен «ГАЗ 322132» шағын автобусын соққан», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Аталмыш жол апаты салдарынан «Hyundai» шағын автобусындағы жолаушы әйелдің бірі басынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Полиция департаменті хабарлағандай, кейін әлгі әйел үйіне қайтарылған. Аталған факт бойынша қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.