$ 494.87  520.65  4.91

Қырғызстанда ЛГБТ қолдаушыларына шабуыл жасалды

1 мамырда Бішкекте феминистік және ЛГБТ қауымдастықтарының мүшелерін біріктіретін 8/365 қозғалысының өкілдері Қырғызстандағы «Кырк Чоро» атты радикал ұйымның шабуылынан зардап шекті, деп хабарлайды Kaktus.media.

Қозғалыс өкілдерінің айтуларынша, олар түстен кейін Фукик саябағындағы Сельмешевец стадионында демалып қайтпақ болған. Алайда, стадионға келгенде онға жуық адам олардан митинг туралы сұрай бастайды. Сондай-ақ, олар сол маңдағы жаяу жүргіншілерден «Гейлер қайда?» деп те сұраған.

Осыған орай, қозғалыс өкілдері милициядан олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуін талап етті. Алайда, құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл өтінішті қабыл алмады.

Полицияға үміт артпау керектігіне көздері жеткен  «8/365» қозғалысының мүшелері басқа жерге барып демалуды жөн санады. Олар қаланың оңтүстік бөлігінде орналасқан басқа паркке барып демалысын жалғастырды. Алайда, көп ұзамай «Кырк-Чоро» өкілдері олардың арттарынан қуып жеткен. Осыдан кейін «8/365» ұйымы такси шақырып, өзге жерге кету туралы шешім қабылдады. Такси келіп, көлікке отыра бастаған сәттерінде радикалдардың шабуылдарына ұшырады.

Бішкек қаласының полиция бөлімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, құқық қорғау органдарының қызметкерлері ешқандай заңға қайшы келетін әрекеттерді байқаған жоқ. «Саябақта милиция қызметкерлері бір жақтың екінші жаққа жұмыртқа лақтырып жатқандарын көрмеді. Егер мұндай жағдайлар орын алып жатса 102-ке қоңырау шалсын», - деді ішкі істер органының баспасөз хатшысы Ұлан Джумаков.

Естеріңізге сала кетейік, «Кырк-Чоро» қозғалысының мүшелері шетелдіктерге тиесілі Бішкектегі ойын-сауық мекемелерінде рейдтер жүргізіп, сондай-ақ, мерзімі өтіп кеткен құжаттары бар адамдарды, сырттан келген қонақтарға қызмет көрсететін жергілікті жеңіл жүрісті қыздарды ұстауда. Наурызда «Кырк-Чоро» өкілдері әйелдер құқығына арналған шеруге наразылықтарын білдірді. Алайда, жергілікті билік бұған мән бермей, шерудің тыныш өтуіне көптеген милиция қызметкерлерін жұмылдырды. Осыған байланысты, қозғалыс мүшелері қала мэрін орнынан кетуін талап етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары