АҚШ-тың Флорида штатында Boeing 737 ұшағы апаттық жағдайда өзенге қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды РИА Новости.
Бортта 136 адам болған. Ұшақ жолаушылары түгел аман қалды.
Джексонвилл қаласының шерифі апатқа ұшыраған Boeing 737 ұшағын суретке түсіріп алып, таратқан.
Белгілі болғандай, Miami Air компаниясына тиесілі ұшақ Кубадағы АҚШ-тың әскери теңіз базасынан чартерлік рейс орындап келе жатыпты.
АҚШ-тың Гуантанамодағы әскери теңіз базасының өкілдері Facebook желісінде хабарлағандай, Джексонвиллдегі ұшақ апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Miami Air компаниясынан кіреге алынған вахталық ұшақ Кубадан Флоридаға келе жатқан екен. Бұл ұшақ әскерилер мен олардың отбасы мүшелерін және басқа да келушілерді Флорида мен Гуантанамо арасында тасымалдайды.
Дереккөз: sputniknews.kz