04.05.2019, 09:25

Инемен емдеу оразаны бұза ма?

Қасиетті Рамазан айының басталуына санаулы күндер қалды. Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өзінің ресми сайтында инемен емделуге қатысты түсініктеме берген.

Мүфтияттың мәліметінше, инемен емдеу оразаны бұзбайды. Бұл мәселені денеге кірген жебе және шаншылған найза мысалдарымен салыстырып қарастыруға болады. 

«Садақтың оғы (жебе) дененің бір жағынан кіріп, басқа жағынан шықса немесе найзамен шаншып алғанда ішіне жетсе, ораза бұзылмайды. Егер найза ішінде қалып қойса, мұнда пікір қайшылықтары туындайды. Дегенмен, ең дұрыс шешім – оразаның бұзылмауы»,-делінген Фиқһ кітаптарында.

Десе де, ораза кезінде инемен емделу қатты қажет болмаса, оны кешкі уақытқа немесе рамазан айынан тыс күндерге қалдыруға кеңес берілген.