Белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытов Instagram-парақшасында елімізде өтетін кезектен тыс президент сайлауына қатысты ойымен бөлісті.
«Мен осы сайлауға барғанда бастығынан жалтақтап, ойбай мені жұмыстан шығарып жібереді деп қорқып, қолы дір-дір етіп, беті бүлк етпей, бер деген адамына дауысын беретін мемлекеттік қызметшілерге айтамын. Ертең а десе, ананы қама десе, жүгіріп баратын әрбір полиция қызметкеріне айтып отырмын. Бұл оның да баласының болашағы, оның да немересінің болашағы. Ит боп өмір сүру, қасқыр боп өмір сүру әркімнің өз еркінде ағайын. Сондықтан, сайлау әділетті өтпесе қалай болады дей ме? Егер сайлау әділетті өтпесе, халық сол кезде дауысын шығарады»,- деген ақын сайлаудың әділ өтуі халықтың өзіне байланысты екенін аңғартады.
Сөз арасында Ринат өз дауысын Әміржан Қосановқа беретінін айтты.