$ 449.58  486.94  4.86

2 мотоцикл апатынан үш адам көз жұмды

Соңғы екі тәулікте Қарағанды облысының жолдарында мотоциклмен жол апатына түскен 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Қарағанды-Абай» автожолында Ақтас кентінен шыға берер жолда «KAWASAKI Ex500d» мотоциклінің 36 жастағы жүргізушісі рулге ие бола алмай, қарсы бағыттағы «BMW» көлігімен соқтығысқан. 

Оқиға салдарынан мотоцикл жүргізушісі мерт болды. 

Сондай-ақ, 6 мамырда Шахтинск қаласында «Volkswagen Golf» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі «RACER» мотоциклімен бетпе-бет соқтығысқан.Апаттан мотоцикл жүргізушісі мен оның 10 жасар жолаушысы да көз жұмған. 

Екі дерек бойынша тиісті сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары