Соңғы екі тәулікте Қарағанды облысының жолдарында мотоциклмен жол апатына түскен 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қарағанды-Абай» автожолында Ақтас кентінен шыға берер жолда «KAWASAKI Ex500d» мотоциклінің 36 жастағы жүргізушісі рулге ие бола алмай, қарсы бағыттағы «BMW» көлігімен соқтығысқан.
Оқиға салдарынан мотоцикл жүргізушісі мерт болды.
Сондай-ақ, 6 мамырда Шахтинск қаласында «Volkswagen Golf» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі «RACER» мотоциклімен бетпе-бет соқтығысқан.Апаттан мотоцикл жүргізушісі мен оның 10 жасар жолаушысы да көз жұмған.
Екі дерек бойынша тиісті сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.