$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда «Батырларға тағзым» шеруі өтті

Алматыда «Батырларға тағзым» мерекелік шеруі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Бірнеше мыңдаған адам «Астана» алаңына жиналды.

Сап түзегендер Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан туыс-туғандарының портреттерін көтеріп, көшемен жүріп өтті.

Шеру басталар алдында мерекелік концерт болып, соғыс жылдарындағы әндер шырқалды.

Одан кейін колонна  28 панфиловшылар паркіне қарай бет алды.

 Айта кету керек, бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы