09.05.2019, 09:15

Елбасы Мәскеуде өтіп жатқан әскери парадқа қатысуда

Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде өтіп жатқан әскери парадқа қатысуда. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазған.

«Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Отан соғысының 74 жылдығына орай өтіп жатқан әскери парадты тамашалауда»,- деп жазған ол.