$ 495.2  522.34  4.94

Еліміздің батысы мен солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін

11 мамырда Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі деп хабарлайды 24.kz.

Бұл күні ел аймақтарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күшеюі, оңтүстікте - шаңды дауыл, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағанды, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысында шаңды дауыл болады. Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз Атырау облысында қатты ыстық болады.

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары