13.05.2019, 11:18

Топырақ астынан қазып алды: Екібастұзда полицей 8 жасар баланы құтқарып қалды

Екібастұзда 8 жасар бала полицейдің арқасында аман қалды деп хабарлайды Stan.kz.

Екібастұз полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімінің аудандық полиция инспекторы, аға лейтенант Тахир Қасымов әкімшілік округтерді тексеру кезінде аулада орға түсіп кеткен екі баланы сыртқа алып шықты. 

Тахир Қасымов топырақ астында қалған 8 жасар баланы сыртқа шығарып алды. Күрекпен жарақат алу қатері болғандықтан, қолымен топырақ бетін ашты.

Бала ессіз күйде болды. Оның аузынан топырақты тазалап, тізесіне жатқызып, жасанды дем берді. Осыдан соң бала дем ала бастады. Екі бала ауруханаға жеткізілді. 

Тахир Қасымовтың дереу әрі дұрыс медициналық көмек көрсеткені себепті бала аман қалды.