$ 494.87  520.65  4.91

Сәуле Әбединова жоғалған інісіне іздеу салды

Белгілі журналист Сәуле Әбединова Instagram-парақшасында туған ағасының баласы жоғалып кеткенін айтып, оған іздеу жариялаған.

«Достар! ҚР Ішкі Істер министрлігі! Мен, Әбединова Сәуле Әбілдаханқызы, туған ағамның баласына іздеу саламын. Аты-жөні: Юсупов Досжан Алиакбарович. Туған жылы: 1984 жылғы 23 ақпан. Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бадам елдімекені Оңтаев көшесі 29/1 үйде тұрақты тіркеуде тұр. Әлеуметтік желілерден ВК-да бар. Юсупов Арти деп тіркелген. Бала кезінен Арти деп еркелететінбіз... ВК-да туған күнін 18 ақпан деп жазған. Тұратын жерін Алматы қаласы деп көрсеткен. Алматыдан Астанаға кеткеніне 2-3 жыл болған. Ара-арасында ауылына,  Алматыға келіп-кетіп, туыстарына қоңырау шалып, хабарласып жүрген. Соңғы айларда мүлде хабар-ошарсыз жоғалып кеткен.

Соңғы телефон нөмірі 8 708 180 0284 болған, бүгінде «тіркелмеген» нөмірлер қатарында. Досжанды танитындар, жақын арада көргендер, қайда жүргенін білетіндер болса, хабарласуларыңызды сұраймын. +7 707 570 9407 Сәуле.

Барлық әлеуметтік желілерге, чаттарға таратуларыңызды өтінемін. Соңғы айларда Астанада бір полицей келіншекпен «сожительствовать» етіп тұрған деген әңгіме бар...»,-деп жазды ол.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары