$ 494.87  520.65  4.91

«Ажырасқанда балам үш айлық болған»: қазақ журналисі жалғызбасты аналарды қол жайып отырмауға шақырды

«31-арна» журналисі Ирина Советжанқызы өзінің бір кездері балаларымен жалғыз қалғанын айтып, ажырасқан әйелдерге кеңес берді. Көпбалалы аналарды өзгеге алақан жаймай, өз еңбегімен ақша табуға шақырды. 

Журналиске көмек сұрап, жиі хабарластын әйелдер көп екен. Солардың бірі 2 балалы ана. 

«Әпке, екі баламмен жалғыз қалдым. Күйеуім тастап кетті. Кішкентайыма беретін тамақ та жоқ». Жылайды. Бастапқыда көмектестім. Жұбаттым. Әдетіне айналып барады.

Мені танитындар жақсы біледі. Кішкентай көмегімді міндетсіп тұрғам жоқ. Бұл қыз да, апай да алғашқы адам емес. Тек әпке-сіңлілеріме айтқым келеді. Күйеуіңіз тастап кетсе, балалармен жалғыз қалсаңыз, бұл тағдырдың таяқтауы емес! Сіз жалғыз қалған жоқсыз, құшағыңызда байлығыңыз бар. Алла әділ! Әр баланың несібесін береді», – деген ол өзінің де бір кездері бір отбасының жүгін көтергенін жазды.

«Мен күйеуіммен ажырасқан кезде ұлым үш айлық бөпе еді. Аллаға шүкір, бір жалақыға күніміз қарап қалған кезім болған емес. Алла әр баланың несібесін әділ береді. Өз жолдарыңызды өзгеге алақан жайып, бөгемеңіздерші. Кез келген қиындық – сіздің сан қабілетіңізді ашуға берілетін мүмкіндік. Суретте 21 жастамын. Балаларым жоқта мен қалай ғана бақытты болып жүрді екем?»,  – деп сөзін аяқтады ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары