$ 444.32  473.33  4.76

Әлеуметтік желіде пәктігін 1 миллионға саудалаған бойжеткен жұрттан сөз естіді

Facebook әлеуметтік желісіндегі «Айтарым бар» деген топта Мақсат Назаров есімді желі қолданушысы пәктігін 1 миллионға саудалаған бойжеткеннің жазбасымен бөлісіп, осындай қазақ қыздарының көбейіп бара жатқанын айтып дабыл қақты. 

«Қазақ қыздары енді көпшілік отыратын əлеуметтік желіде өз-өздерін жарнамалай бастады. Бұл не сұмдық?», -деп жазды ол.

«Не сандырақтап отырсың, ауыз өзімдікі деп аузыңа келгенді айта бересің бе», «Ойбай, жетпегені осы еді. Не күн туды басына. Масқара», «Тәрбие көрмеген көргенсіз аузы қисаймай қалай ғана жазады десеңші. Ата-анасын жерге қаратып отырғанын сезбейді ғой ұяттан безген. Бұндай адам өмірге қандай ұрпақ әкелмек» деген секілді сөздерден көз сүрінеді. Желі қолданушылары қызды жерден алып, жерге салды. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары