Nur-Sultan жазуы Astana-ға айналады. Елордада ерекше жазба пайда болды, деп жазады Sputniknews.kz.
Көлемді әріптер жан-жағынан әр түрлі болып оқылады. Яғни бір жақ қырынан I love Astana, екінші жағынан I love Nur-Sultan.
3D форматындағы жазба «Мәңгілік ел» аркасының жанына орналастырылған.
«Қала әкімдігінен бізге 3D форматында осындай жазба жасау тапсырылған болатын. Біз алты күннің шініде жұмысты орындап тапсырдық. Жазба мықты материалдан жасалған, сондықтан өңі біразға дейін бұзылмайды»,– дейді Atamet Group компаниясының директоры Самир Бабазаде.