$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордада есік алдынан үш жасар сәби жоғалып кетті

Қызылорда облысы Қазалы ауданында үй ауласында ойнап жүрген үш жасар бала жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жергілікті полиция бөліміне аудан тұрғынынан үш жасар баласы жоғалып кеткені жөнінде хабар келіп түсті. Ол үй ауласында ойнап жүрген. Хабарлама бойынша полиция бөлімінің жеке құрамы дереу құлақтандырылды. Оларға жоғалған баланың сыртқы сипаты туралы мәлімет берілді. Нәтижесінде іздестіру жұмыстары қолға алынды.

«Есік алдында ойнап жүріп, жоғалып кеткен сәбиді табу оңайға соққан жоқ. Десе де полиция қызметкерлерінің қырағылығының нәтижесінде сәби теміржол вокзалы аумағынан аман-есен табылды. Ол ата-анасына тапсырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Бұл орайда полиция капитаны Ғалымжан Аманов  пен  полиция аға лейтенанты Ақмаржан Абдулхайырованың еңбегі зор. Сәбидің ата-анасы оларға алғыс білдірді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары