$ 494.87  520.65  4.91

«Балаларды өлтіруді доғарыңдар»: Асхат Садырбай Білім министрлігін сынға алды

Белгілі журналист Асхат Садырбай кейінгі кездері елімізде орын алып жатқан балабақшалардағы жағдайларға байланысты Білім және ғылым министрлігіне шағымданды. Өзінің Instagram-парақшасында «Балаларды өлтіруді доғарыңдар» деген жазбамен сөз бастаған ол кішкентай бүлдіршіндердің жағдайына алаңдаулы көрінеді. 

«Қазақстандағы балабақшалардың барлығын үлкен тексеруден өткізу керек! Балалар мен жасөспірімдер баратын үйірмелерге де лицензиясы бар мекемелерге ғана рұқсат беру керек! Бүгін дәл осы екі мәселенің төңірегіндегі екі жәйт жүректі қақ айырды. Біреуі жаттығуда жүріп ажал құшса, біреуі балабақшада жүріп екінші қабаттан ұшты... Біреуі көз жұмды, біреуі комада. Адамдар айуаннан да бетер боп бара жатыр. Не көрінді осы ақшаның соңынан жүгіргендерге?! Құдайдан қорықсаңдар етті! Арзан қызметкер-тәрбиесіз тәрбиеші-псиxикасы ауытқыған тәрбиеші-тасжүрек тәрбиеші-мейірімсіз әйел-тасжүрек ана-арзан қызметкер!»,-деген ол тәрбиешілерде адамдық, аналық сезім жоқ екенін алға тартты.

Журналист ата-аналардың тәрбиешілері дұрыс, сенімді балабақша іздейтінін айта келе, тиісті мемлекеттік органдардың бұл мәселеге немқұрайлы қарайтынына шүйліккен.

«Барлық ата-ананың уайымы сол. Айына 100-150 мың теңгелік жекеменшік балабақшаларға жұрттың бәрінің жағдайы жетпейді! Арзандарының түрі анау. Мен бұл мәселені бірінші рет айтып отырған жоқпын. Бірақ біздің білім министрі, отбасы мен балалардың мәселесімен айналысатын департаменттерден әрекет байқалмайды. Сіздер неге бұл мәселені қолға алмайсыздар? Ол балалардың орнында өздеріңіздің балаларыңыз немесе немерелеріңіздің болмауына кім кепіл?! Хош, жазған посттарым жететін жерге жетпесе мінберде сөз тисе, министрді көрсем бірінші кезекте осы мәселені айтамын!,-деп ол аталмыш мәселені соңына дейін жеткізуге уәде берді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары