Заманауи зерттеу нәтижелері кейбір тұрмыста жиі қолданылатын заттардың қауіпті ауруға дұшар ететіндігін дәлелдеп отыр, деп жазады slovodel.com.
Discovery Тelegram арнасы қатерлі ісіктен сақтану үшін бірнеше заттарды атады. Тізімде алғашқылардың бірі боп ауа тазартқыш пен химиялық тазалау құралдары тұр. Ғалымдар олардың құрамында көзге көрінбейтін зиянды қоспалар бар екенін айтады. Оның орнына эфир майын қолдану ұсынылады.
Құрамында фторид пен триклозант бар тіс пастасы мен ауыз шайғыштары да денсаулықтын «жауы» екен.
Сонымен қатар ғалымдар ұялы телефон, сырылған ыдыстар да қатерлі ісікке әкеп соғу мүмкін екенін айтады.
Ал ескі, кір аяқ киімді тіпті ашық қоюға болмайды екен. Лас аяқ киімнің сырқы қабатында химиялық ауыр заттар, әсіресе, қорғасын болады. Сондықтан аяқ киімді шкафка тазалап салып қою керек.
Сондай-ақ пітені улайтын заттардың құрамында да қатерлі ісік тудыратын нафталин бар.