Мәскеудің Владимир князь шіркеуінде ер адам егде жастағы әйелге шабуыл жасады, деп жазады Stan.kz.
Қалалық ІІД мәліметінше, зардап шеккен әйел бас-сүйек жарақатын, ми жарақатын алған. Оның сол жақ иығы сынып, басы жараланған. Зардап шегуші ауруханаға жатқызылды.
Оған 1983 жылы туған ер адам шабуылдаған.
Telegram-канала Baza мәліметінше, Мордовия тумасы Александр Мартяшкинге зардап шеккен әйел адамды жын басып кеткендей көрінген. Ол әйелдің бойындағы жындарды қумақ болып күрекпен оның өзін ұрған.
Полиция оқиғаға қатысы қылмыстық іс қозғады. Ер адамға 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.