$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда оқушыны автобус қағып кетті

Оқиға Әл-Фараби даңғылында орын алды, деп хабарлайды alau.kz.

Куәгер Виолетта Немольчеваның айтуынша, Қостанай қалалық ауруханасының маңында екі белгі орнатылған. Олар: «Балаларға назар аударыңыз!» және «Жаяу жүргіншілерге арналған жол». Дәл осы жерде жолды кесіп өтпек болған қызды автобус қағып кетті. 

«№ 2 бағытында жүретін қоғамдық көлік. Қалай көрмеуге болады, екі бірдей белгі тұр. Баланың жасы шамамен 10-12-де. Менде жолдан өтіп бара жаттым, көлік тежегішінің ысқырығын және қыздың айғайлаған дауысын естідім. Оның тоқтауға мүмкіндігі болды, арасы біраз жер еді. Онда белгілер тұр емес пе, сонша басқаны несі?», - дейді әйел.  

Куәгердің айтуынша, ер адам мен әйел қызды көтеріп алып, дереу қалалық ауруханаға апарған.

Әйел адамның айтуынша, бұл айда осымен бірнеше рет жол апаты болған.  

«Бірінші рет емес. Осы жерде әрдайым біреуді қағып кетіп жатады. Мен автобуспен жиі жүремін олар үнемі телефонмен сөйлесіп отырады. Жолаушылардың қауіпсіздігін ескеруі керек емес пе?», - деді Виолетта Немолчева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары