Facebook әлеуметтік желісінде Азиз Жолдасов есімді ораза ұстаған жігіт қыздарға өтініш айтты.
«Қыздарға құлаққағыс! Оразада сәл болса да, жабық киініп жүрсеңіздер. Өздеріңізді ғана емес, басқаны да күнәһар етіп жатсыздар», -деп жазды бейнежазба жүктеген ол.
Желі қолданушысы қасиетті Рамазан айының аяқталуына 15 күн қалғанын айтып, қаракөз қазақ қыздарын иманды болуға шақырды.