$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда ипотекалық несие алған наразылар «Нұр Отан» партиясының кеңсесіне келді (ВИДЕО)

21 мамырда Алматыда 60-тан аса адам ипотекалық кредиттерін кешіруді талап етіп, «Нұр Отан» партиясы ғимаратының алдына жиналды. Жиналғандар арасында басқа қаладан келгендер де бар.

Наразылар 2005-2009 жылдары ипотекалық кредит алып, түрлі жағдайға тап болған соң қарызын төлей алмай отырған азаматтардың қарызын кешіруді талап етті, деп хабарлайды Азаттық.

Наразылар «Банктер азаматтарға тартып алған үйді қайтаруы керек. Тұрмысы төмен отбасылардың қарызы кешірілуі керек» деп те талап қойды. Жиналғандар  «азаматтар заңды түрде өз құқықтарын қоюы үшін» сот жүйесін реформалау мен жеке сот орындаушылар қызметін алып тастау қажеттігін айтты.

Наразылар билік өкілдеріне талаптарын 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына дейін орындауды сұрады. «Нақты іс күтеміз, нақты іс дегеніміз кредит амнистиясы болуы керек» деді журналистерге  «Арнамыс-5» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қанағат Тәкеева.

Наразыларды «Нұр Отан»  партиясының Алматыдағы филиалының өкілі, Қазақстан президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы штабының мүшесі Борис Жапаров қабылдады. Ол «жиналғандардың талабы орынды»  деді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары