$ 445.66  474.58  4.78

Көлгінов сұлу жары мен балаларын ертіп, алғаш рет ел алдына шықты

Отбасымен бірге "Аладдин" фильмнің көрсетіліміне барған әкім бұл жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөліскен.

Әлеуметтік желіде белсенді бола бастаған өңір әкімдері бірінен кейін бірі өз парақшаларына жанұялық суреттерін жүктеуде. Айта кетерлігі, өткен аптада Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек балалары мен жұбайын ертіп, кинотеатрға барса, күні кеше ғана Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов те отбасымен бірге фильм тамашалауға келген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Отбасымен бірге "Аладдин" фильмнің көрсетіліміне барған әкім бұл жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөліскен.

"Бүгін отбасымызбен бірге, мектепте жақсы оқыған оқушыларымен қазақ тіліне аударылған "Аладдин" фильмін тамашаладық. Бұл "Болашақ" Корпоративтік қорының қолдауымен "Өзіңнен баста"жобасы аясында көрерменге жол тартқан 29-шы голливудтық фильм.
Бүгінде Елбасымыздың "Болашақ" бағдарламасымен шетелде білім алған 12 мыңнан астам жас елге оралып, мемлекетіміздің одан әрі дамуы үшін түрлі салада жемісті еңбек етіп келеді.
Жастарымызға мемлекеттік тілді кеңінен насихаттап, оған деген құрметті арттыра түсу бағытында білімді жастар қолға алған тың бастаманың нәтижесі көңіл қуантады...Өз тілімізде көрерменге ұсынылған фильмді отбасыларыңызбен бірге көруге кеңес беремін", - деген жазба қалдырған әкім.

Айта кетерлігі, әкім алғаш рет көпшілік алдына сұлу жары және төрт баласымен бірге шыққан.

Желі қолданушылары Алтай Көлгінов пен оның отбасына жылы лебіздерін білдіріп, "Жарасымды жанұя", "Отбасыңыз аман болсын", "Бақыттың болыңыздар" деген тілегін жаудырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары