$ 498.34  519.72  4.85

Қостанай облысында 1 миллион теңгені адвокатпен бөліскен судьяға сот залында кісен салынды

Жамбылов сот үкімі шыққанға дейін кінәсін мойындаудан бас тартады. Алайда, сот залында оған кісен салынды.
фото: kstnews.kz
фото: kstnews.kz

Әулиекөл аудандық сотының бұрынғы төрағасына қатысты үкім шықты, деп хабарлайды SN.kz тілшісі жергілікті соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бекжан Жамбылов заңға қайшы бұрмаланған шешім қабылдауы үшін адвокатпен бір миллион көлеміндегі сыйақыны бөліскен.

Сыбайлас жемқорлық қылмысы әшкереленген адвокат судьяның да ісін қарауды сұрайды. Бұрынғы сот төрағасы қолына ешқандай қаражат алмаған, алайда оның шотына  қомақты ақша түскені анықталды. 

Жамбылов сот үкімі шыққанға дейін кінәсін мойындаудан бас тартады. Алайда, сот залында оған кісен салынды. 

Төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген судья өмір бойы мемлекеттік қызметтен де аластатылды.

Сот үкімі заңды күшіне енбеді.  
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары