$ 498.34  519.72  4.85

«Балаларымды сатамын»: Ақтау тұрғынының интернетте жариялаған хабарландыруы елді шошытты

Бірақ көрсетілген нөмір сөндірулі. Хабарламаны жергілікті тұрғындардың бірі байқап қалып, сайттың редакциясына хабарлаған.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

OLX.kz сайтының сатылымдар бөлімінде Ақтауда үш бала сатылады деген жарнама пайда болды. Бұл туралы tumba.kz сайтына сілтеме жасап inform.kz хабарлайды.  

Сайттың ақпаратына сүйенсек, хабарлама ұялы телефоннан 27 мамыр күні, 13:18-де салынған. Бірақ көрсетілген нөмір сөндірулі. Хабарламаны жергілікті тұрғындардың бірі байқап қалып, сайттың редакциясына хабарлаған. 

Хабарламада үш бала арзан бағамен сатылатыны көрсетілген. Тіпті үш баланың суреті де салынған. 

Сайттың хабарлауынша, полицейлер бейресми сұхбат кезінде әлдекім жай қалжыңдамақ болған шығар деп айтқан. 

Осыдан біраз уақыт бұрын Шымкент тұрғыны арнайы қызметтердің жылдамдығын байқап көру мақсатында осы сияқты хабарлама берген болатын. 

Сонда құқық қорғау органдары ақпаратты жылдам тексеріп, ҚР Қылмыстық кодекстің 12-бабы («Адам саудасы») бойынша сотқа дейін тергеп-тексеру жүргізілген.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтау #бала