$ 494.87  520.65  4.91

«Құрбақа, ауруханаға енді келгені несі?»: болашақ дәрігер қайтыс болған науқасты қорлады

Қызының мұндай жазбасынан кейін, аудандық орталық аурухананың бөлім меңгерушісі Вячеслав Лучинин қызметінен кетті.
фото: таинственноеоренбуржье.рф
фото: таинственноеоренбуржье.рф

Ресейде Новосибирск мемлекеттік медициналық университетінде емдеу фаеультетінің студенті Анна Лучининаның твиттердегі жазбасынан кейін тексеру жүргізіле бастады. Ауруханада тәжірибеден өтіп жүргенін жазған ол әлеуметтік желі арқылы пациенттерді қорлаған, деп хабарлайды Lenta.ru. 

Факультет деканы Александр Новиковтің айтуынша, оқу орны басшылығы жағдайды анықтау мақсатында студентпен кездескен, алайда әлі нақты шара қолданбағанға ұқсайды.

«Ішкі ереже бар. Ар-намыс кодексіне сәйкес, егер жағдай расталса, оны оқудан шығарып жіберуіміз мүмкін», — дейді ол.

Алайда, ресми жауапта студент Лучининаның тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын, оның оқудан шығарылмайтыны көрсетілген.

Осыған дейін желідегі топтардың бірінде студенттің оқытушылар мен пациенттерді балағаттағаны туралы хабар тарап кеткен. 

«Құрбақа, үйінде ауырып-ауырып, ауруханаға енді келгені несі?! Ол аздай, менімен дұрыс сөйлеспеді деп шағымданады. Дәрігер әкем түнімен қасында тұрса да, ол өліп кетті", - деп жазған болашақ дәрігер желіде. 

Қызының мұндай жазбасынан кейін, аудандық орталық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Вячеслав Лучинин қызметінен кетті.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары