Ақтөбе тәртіп сақшылары жын шығаратын емшілердің ісіне кірісе бастады, деп хабарлайды SN.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
"Олар дұға оқып, әртүрлі шөптен жасалған қоспаларды ішкізіп, сол үшін адамның шалдыққан ауруына байланысты 3000-10000 теңге аралығында төлем алады", - дейді тәртіп сақшылары.
Мысалы, полиция таратқан мәліметтерге қарағанда, мамыр айының соңында Ақтөбе қаласында деструктивті діни ағымды ұстанушы тұрғыны емделушінің ішіне жын кірген деп, еріксіз үйге қамап, таяқпен ұрып, әртүрлі жағымсыз ұнтақ тектес қоспаларды ішкізген.
Емделуші осы жағдайдан құтылғаннан кейін, полиция қызметкерлеріне жүгінген.
«Емшіге» қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 424-бабына сәйкес, «заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметпен айналысу» фактісі бойынша сот шешімімен айыппұл салынды.