$ 448.89  477.93  4.76

Қызылордада полиция қызметкері көпірден секірген егде жастағы әйелді құтқарды

Қала шетінен өтіп бара жатқан сәтте каналдан секірген әйел кісіні байқап қалады. Судың салқындығы мен екпінді ағысына қарамастан Нұрсұлтан суға секірді.
arasha.kz
arasha.kz

 Қызылордалық полиция сержанты каналдағы көпірден секірген егде жастағы әйелді құтқарып қалды. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, егде жастағы әйелдің баласы қалалық полиция басқармасының жедел-басқару орталығына хабарласқан. Онда анасының белгісіз бағытқа шығып, үйге қайта оралмағанын жеткізген. 

«Полиция сержанты Нұрсұлтан Бектұрғанов сол уақытта кезекті еңбек демалысында жүрген еді. Қала шетінен өтіп бара жатқан сәтте каналдан секірген әйел кісіні байқап қалады. Судың салқындығы мен екпінді ағысына қарамастан Нұрсұлтан суға секірді. Ешбір ойланбастан әйел адамды құтқаруға кірісті. Нәтижесінде әйел кісіні жағаға шығарып, оның өмірін сақтап қалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Бектұрғанов Қызылорда облысы «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тылдық қамтамасыз ету бөлімшесінің жүргізуші полицейі. Осылайша полиция қызметкері өз өмірін қатерге тіге отырып, батылдық пен адамгершілік танытты. 

inform.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары