28.05.2019, 15:20

Ақтөбеде ауруханада жатқан адвокат сот отырысына виртуалды түрде қатысуға мүмкіндік алды

фото: qamshy.kz
Оған «TrueConf» қосымшасы арқылы ұялы телефон көмегімен сөз сөйлеу мүмкіндігі берілді.

Ақтөбе облыстық соты жыл басынан бері 200-ден астам виртуалды сот отырысын өткізді, деп хабарлайды SN.kz тілшісі.

Қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағымды қарау кезінде адвокаттардың біреуі ауруханада стационарлы емдеуде жатқаны және сот отырысына келетін мүмкіндігі жоқ екендігі анықталды. Оған «TrueConf» қосымшасы арқылы ұялы телефон көмегімен сөз сөйлеу мүмкіндігі берілді.

Ірі қара малды ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс те виртуалды түрде өтті. Адвокатқа сот актісін тыңдауға мүмкіндік жасалды.