Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарақұсова желі пайдаланушыларына қатты ренжігенге ұқсайды. Халық қалаулысы өзі туралы видеолардың интернетте күлкіге айналғанына қынжылыс танытты, деп хабарлайды SN.kz тілшісі. «Тек қана орысша айтамын. Интернетте солай жүр ғой. Вот Қарақұсова қазақ тілі білмейді. Ол менікі кінәлім емес», - дейді депутат журналистерге берген сұхбатында.