$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент: мемлекеттік қызмет сапасы – едомствоаралық жұмыс тобының назарында

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Көліктік бақылау инспекциясының өкілдері арнайы мониторинг топ мүшелерінің қатысуымен автокөлік құралдарының техникалық байқаудың диагностикалық карталарын беретін орындарға мониторинг жүргізді.

Іс-шара барысында Шымкент қаласы аумағында техникалық байқаудың жалған диагностикалық карталарын сататын 2 орын анықталды. Анықталған орындарға жасырын сатып алу жүргізіліп, жинақталған құжаттар бойынша шара қолдану үшін Шымкент қаласының полиция департаментіне жолданған.

Сонымен қатар, мониторинг жүргізу барысында мамандандырылған ХҚКО-ның қызметкерлері мен Шымкент қаласы полиция департаментінің ӘПБ тіркеу-емтихан бөлімі мамандарының артық құжат сұрату фактілері болғаны анықталды.

Ведомствоаралық жұмыс тобының күн тәртібінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен іске қосылған «Digital Аgent» мобильдік қосымшасына Шымкент қаласы полиция департаментінің көші-қон полиция басқармасы қызметкерлерінің жұмыс уақытында тиісті қызмет орнында табылмағаны жөнінде келіп түскен шағым қаралды.

Осыған байланысты Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті Шымкент қаласы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнама талаптарының сақталуы бойынша мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында көші-қон полиция басқармасы қызметкерлерінің жұмыс орнында табылмағаны анықталды. Іс-шара қорытындысымен тиісті қызметкерлерге шара көрілді.

 «SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары