Оқу-жаттығудың жоспарына сәйкес, «Жасыл белдеу» орман қорында 1 табиғи өрт ошағы пайда болып, 3 бағытта таралды. Өрт жақын орналасқан Сәуле, Ақтас елді мекендері мен егістіктерге тікелей қауіп төндірді. Өрт ошағын жедел сөндіру үшін 6 өрт сөндіру, 4 су тасығыш техникасы, 4 трактор соқасымен бірге 120 адам жұмылдырылды.
Сондай-ақ көршілес Түркістан облысының аумағындағы егістікке өрттің қаупі төніп тұруына байланысты өзара әрекет ету жоспарына сәйкес, Түркістан облысы ТЖ департаментінен 3 арнайы өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамында 12 адам, №35748 әскери бөлімінен 1 техника, 10 адам көмекке келді.
Оқу-жаттығуға басшылық еткен қала әкімінің орынбасары Н.Ергешбек және ТЖ департаментінің басшылары күш және құралдардың дала-орман өрттерін дер кезінде сөндіруге дайындығына жоғары баға берді.
«SN.kz»-ақпарат.