Ардагердің үйіне барған медицина саласының басшылары сұрапыл соғыста батырлық көрсеткені үшін майдангерге алғыс білдіріп, әрі Жеңіс күнімен тұспа-тұс келген туған күнімен құттықтады. Владимир Савченко бүгін 94 жасқа толып отыр екен. Үлкен мейраммен сәйкес келген туған күнінде қала әкімдігі атынан ардагерге кір жуатын машина сыйға тартылды.
Владимир Савченко 1925 жылы 9 мамырда Новоиванов ауылында дүниеге келген. 1943-1950 жылдары Стерлиматамак жаяу əскери оқу орнына түсіп, Москва облысының Яхрома қаласының Триес стансасында 18-ші десантты-парашютшілер əскери бөлімінде қызмет еткен. Карелияның 296-шы атқыштар гвардия полкінде Свирия маңында финдермен соғыста болған.
«SN.kz»-ақпарат.