$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттің шенеуніктері ардагерлерге сый-құрмет көрсетті

Еліміздің бүгінгідей бейбітшілікте өмір сүруі – кескілескен қан майданда ерен ерлік көрсеткен хас батырлардың арқасы. Ол жандар қашан да құрметке лайық! Жеңіс күніне орай, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова мен Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаев ардагерлердің үйлеріне арнайы барып, құттықтады.

Қарт жауынгерлерге ыстық ықыластарын білдіріп, сый-сыяпат жасады. Дәлірек айтсақ, соғыс ардагерлері Шамиль Латыев пен Василий Мухачевтің шаңырақтарына ат басын тіреп, ерекше сый-құрмет көрсетті.

Айта кетейік, Ұлы Отан соғысы жылдарында Шымкенттен 23 мыңнан астам адам майданға аттанды, олардың 11 мыңнан астамы соғыс даласынан кері қайтпады. Бүгінгі күні қалада Ұлы Отан соғысының 54 ардагері және 4 276 соғыс ардагеріне теңестірілгендер мен тыл еңбеккерлері бар.

Мереке иелеріне құрмет көрсетуден басқарма басшылары мен аудан әкімдері, қала мәслихатының депутаттары да шет қалған жоқ.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары