$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттегі 104 мешітте сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат жұмыстары жүргізілді 161

Бүгін Жұма намазында 104 мешітке келушілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы алдын алу тетіктерімен танысты. Басты мақсат — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қоғамды тарту, азаматтардың бойында рухани-адамгершілік жағдайын қалыптастыру арқылы кез келген заң бұзушылыққа төзбеушілікке тәрбиелеу.

Бұл жұмысты ұйымдастыру ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы мен Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі арасындағы үшжақты келісім аясында келісілген болатын. Осы келісім аясында бұған дейін «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, Департамент және қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен дін, тиісті мемлекеттік органдар, БАҚ өкілдері және тұрғындар бас қосқан диалогтық алаң ұйымдастырылды.

Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Айта кетейік, қалада 135 діни бірлестік пен филиалдар тіркелген, оның ішінде 104 мешіт бар, онда күн сайын 20 мыңға жуық адам адал, сатылмайтын және жоғары адамгершілік бейнесін қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстарына қатысады.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары