$ 447.4  477.55  4.76

Бас мүфтидің Шымкентте берген ауызашарына Ғабидолла Әбдірахымов қатысты

Шымкент қаласындағы «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» атындағы орталық бас мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының атынан ауызашар берілді. Ақшам намазынан соң жамағатқа айқара ашылған берекелі дастарқан басына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бастаған елімізге танымал қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қала мешіттерінің жамағат қариялары, т.б. азаматтар жиналды.

Қасиетті Құран аяттары оқылып, дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеген тағылымды уағыздар айтылды. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ауызашар дастарқанына жиылған жамағатқа өз алғысын білдіріп, Алла Тағала құзырында дәрежесі ерекше болған қасиетті Рамазан айымен құттықтап өтті.

Сондай-ақ дастарқан басында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзінің және қала халқының атынан Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлына алғысын білдірді. Ауызашарға 450 адам қатысып, оларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары