$ 494.87  520.65  4.91

Мәжіліс депутаты Кәрім Мәсімовтен лаңкестікке қарсы күресті күшейтуді сұрады

Мәжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутат Азамат Әбілдаев Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады. Осы сауалдың толық нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында алдыңғы қатарлы міндеттердің ішінде радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен бой көрсетулеріне қарсы біртұтас шеп құруды атап өткен болатын.

Сонымен қатар, қоғамда, әсіресе, жастар арасында діни экстремизм профилактикасын күшейту, сондай-ақ елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыру қажеттілігіне аса көңіл бөлінген.

Мемлекет Басшысының бейбітшіл, көпбағытты және теңгерімді саясатының арқасында, біз тұрақты және азаматтық қоғамда өмір сүрудеміз. Қазіргі кезде оның бастамашылығымен «Терроризмге қарсы ислам» форумын шақыру бойынша ұйымдастырушылық жұмыстары жүргізілуде.

Осымен бірге, қазіргі кезеңде әлемдегі жаһандану процестері мен шиеленістік әлеуеттің үдерісі халықаралық және ұлттық қауіпсіздікке едәуір әсерін тигізуде.

Бүгінгі күні діни экстремизм мен терроризм қауіпі бүкіләлемдік сипат алып отыр. Париж, Бейрут қалаларындағы жүздеген адамның өмірін алып кеткен соңғы лаңкестік актілер, сондай-ақ Синайдағы А321 ресейлік әуе лайнерінің апаты соған дәлел.

Әрине, біздің арнайы қызметтер терроризммен және экстремизммен күрес жұмыстарын жүргізіп жатыр деп айтуға болады. Бірақ, ол көпшілік көзіне шалынбайды және ол турады бәрі біле бермейді.

Алайда, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жыл сайын экстремистік және лаңкестік әрекеттердің ұйымдасушылығы артып, осындай топтарға сыртқы күштер ықпалымен жаңа тұлғалар тартылуда.

Атап айтқанда, халықаралық экстремистік және террористік ұйымдар, діни риториканы бүркене отырып, радикалды көзқарастар мен сенімдерді қазақстандық қоғамға енгізуге әрекет етеді.

Олардың нысаналы әсері кейбір дара тұлғалардың түсінігіне әсер етіп, патриоттық және ұлттық сана-сезімін, мәдени-адамгершілік, жанұялық құндылықтарын жоғалтуға әкеліп соғады.

Конституциялық құрылыс негіздерін құлдырату үшін, халықаралық экстремистік және террористік ұйымдар, радикалды идеяларды орнықтыра отырып, қоғамға қарсы көңілдерді арандатады, Қазақстан аумағында террорлық актілер жасау ниеттері мен жоспарларын ала жүреді. Сол үшін олар өз жақтаушылар шақыру әрекеттерін жасауды қоймай отыр. Бұл бағытта интернет-кеңестік белсенді қолданылады.

Бұндай құбылыстарға, соңғы жылдары Қазақстан аумағында халықаралық террористік ұйымдарының қызметіне қатысты 70-тен аса шетелдіктердің тұтқындалуы куә бола алады. Ал, еліміздің батысы мен оңтүстігінде орын алған қайғылы уақиғалар, проблеманың өзектілігін көрсетеді.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде терроризм идеологиясына қарсы бағытталған шараларды, қоғамда лаңкестікке қарсы сана-сезімді құрылымдау, сондай-ақ толеранттықты, тұрақтылықты және қазақстандық патриотизмді насихаттау бойынша шараларды күшейтуді сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары