Шымкенттік полицейлер суық күнде жеңіл киініп, көшеде бүрсең қағып жүрген жеткіншекті кездейсоқ көріп қалыпты. Тексере келе 9 жастағы баланың туыстарының үйінде адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатқанын анықтаған деп хабарлайды KTK телеарнасы.
Тілінің мүкісі бар Хамитты анасы сіңлісіне аманаттап, өзі шетелге ақша табуға кетіпті. Тек 5 айдан бері тәтесінің қолында тұрып жатқан баланы туысы құлша жұмсап, тіпті көгала қойдай қып сабаған. Сол үйдің отымен кіріп, күлімен шыққан жеткіншек әріп те танымайды екен. Қазір ол балаларды оңалту орталығында. Енді Хамиттың құжаттары жасалып, ал денсаулығын логопед қарайтын болады. Анасы Біріккен Араб Әмірліктеріне кеткен жеткіншектің өзге туыстары көршілес Өзбекстанда тұрады. Өзі де сол елдің азаматы болуы мүмкін. Ал оны құлдай жұмсаған туысы да, оның туған баласы да мүгедек екен.