$ 444.22  476.38  4.82

Шымкент: Еріктілер «Біз таза қала үшін!» экологиялық акциясына қатысты

Шымкент қаласының еріктілері қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы ұйымдастырған «Біз таза қала үшін!» ұранымен өткен экологиялық акцияда белсенділік танытты.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарына жастарды өмір сүріп жатқан ортасын көркейту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына тартуды ұйымдастыру мақсатында қаладағы саябақтар мен демалыс орындарының аумағына жаппай тазалық жұмыстары жүргізілді. Акция барысында жастар жұдырықтай жұмылып, демалыс саябағына айналған мекенді қоқыстан толықтай арылтты. Туған қаласы мен қоршаған ортасының тазалығына үлес қосуды мұрат тұтқан осындай сенбіліктер және экологиялық акциялар алдағы уақытта үздіксіз өз жалғасын таппақ. Ал «Абай» саябағында тазалық жұмыстарын жүргізген еріктілер қала тұрғындары мен жастарды сенбіліктерге бір кісідей атсалысуға шақырады.

Айта кетерлігі, экологиялық акция «Жеңіс» және «Тәуелсіздік» саябақтары, сондай-ақ Қошқар ата өзені бойында да ұйымдастырылды.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары