«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарына жастарды өмір сүріп жатқан ортасын көркейту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына тартуды ұйымдастыру мақсатында қаладағы саябақтар мен демалыс орындарының аумағына жаппай тазалық жұмыстары жүргізілді. Акция барысында жастар жұдырықтай жұмылып, демалыс саябағына айналған мекенді қоқыстан толықтай арылтты. Туған қаласы мен қоршаған ортасының тазалығына үлес қосуды мұрат тұтқан осындай сенбіліктер және экологиялық акциялар алдағы уақытта үздіксіз өз жалғасын таппақ. Ал «Абай» саябағында тазалық жұмыстарын жүргізген еріктілер қала тұрғындары мен жастарды сенбіліктерге бір кісідей атсалысуға шақырады.
Айта кетерлігі, экологиялық акция «Жеңіс» және «Тәуелсіздік» саябақтары, сондай-ақ Қошқар ата өзені бойында да ұйымдастырылды.
«SN.kz»-ақпарат.