$ 444.22  476.38  4.82

Ақмола облысында көлік мұз астына кетіп, 1 адам көз жұмды

Ақмола облысында су бетіне қатқан мұз жарылып, балықшылар отырған көлік өзенге батып кетті. Салдарынан бір адам көз жұмған деп жазады "Новости-Казахстан" АА облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, оқиға кеше Қорғалжын ауданында орын алған.

"Сағат түнгі 22:00-де Ұялы ауылының маңында балық аулауға шыққан Нива көлігі Нұра өзеніне батып кетті. Су бетіне қатқан мұз көлікті көтере алмай жарылып кеткен. Көлікте екі адам болған, олардың бірі өздігімен сыртқа шығып үлгерсе, екіншісі суға кетті" делінген аталған хабарламада.

Өкінішке қарай, батып кеткен балықшының денесін табу әліге дейін мүмкін болмай отыр. Жергілікті тұрғындар мен аудандық ТЖБ құтқарушылары жүргізген іздестіру шаралары нәтижесін бермеген. Бүгін таңертең 1965 жылы туған жергілікті тұрғынның мәйітін іздеуге Астанадан мамандар келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары